Елдегі есірткі ахуалы шиеленісіп тұр - Ішкі істер министрі

None
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Елдегі есірткі ахуалы шиеленісіп тұр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Толықтай алғанда соңғы үш жылда есірткі тұтыну көрсеткішінің төмендеуі байқалғандығына қарамастан елдегі есірткі ахуалы шиеленісіп тұр»,-  деді ол.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, соңғы үш жылдың ішінде есірткі тұтынушылар есебінде тұрғандардың саны 8,6 пайызға, оның ішінде кәмілетке толмағандардың қатары 34 пайызға төмендеді.  Оған 2009-2011 жылдарға арналған арнайы бағдарлама аясында жүзеге асырылған іс-шаралар әсер еткен. 3 жылдық бағдарламаны жүзеге асыру барысында 22 860 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 16737 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Заңсыз айналымнан 90 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары, оның ішінде 1361 келі героин тәркіленді», - деді ол.