Агенттік төрағасының айтуынша, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек екендігі заңнамамызда бұрыннан көрсетілген. Алайда діни бірлестіктер мен түрлі конфессия өкілдерімен өзара байланыс тәжірибесі елімізде миссионерлік қызметтің діни мазмұндағы кітаптарды таратудың, рухани оқу орындарын лицензиялаудың, сондай-ақ заңды тұлғалардың діни қызметпен айналысуының бірегей талаптарының жоқтығы елдегі дін саласын құқықтық реттеу шараларының жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр.
«Мемлекеттің осы жылдарда діни қауымдастықпен өзара байланысуы және конфессияаралық келісім саласында жинақтаған тәжірибесі 1992 жылғы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетіп отыр. Осыған орай елдегі қазіргі нақты діни ахуалды ескере отырып, заңнаманы кешенді түрде жетілдіру қажет»,-деді Қ.Л.Шәріп.