Елдегі кейбір су жүйелері құрылысын салу тым ұзаққа созылып барады ? Сенат депутаты

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенат депутаты Қожахмет Баймаханов Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен болған кездесу барысында елдегі су жүйелері құрылысын салуға деген алаңдаушылығын білдірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мысал үшін айта кетейін, Қызылорда облысында ондаған жылдар бойы салынып келе жатқан нысандар бар. Айталық, құрылыс нысанының құны 200 миллион теңге болса, оған бөлінетін қаржының бір бөлігі биыл, екінші бөлігі келесі жылы беріліп, осылайша жалғаса береді. Ал құрылыс нысанының құны уақыт өткен сайын өзгере береді. Сөйтіп, кешегі 200 миллион теңгенің дүниесі он жылдан соң екі есеге артады», деді депутат. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің облыстарында суға байланысты 6 департамент бар және олардың әрқайсысы өз бетінше жұмыс істейді. Ал бұл мекемелердің барлығының жұмысын бір арнаға тоғыстыруға болар еді.