Елдегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары ҚР ҚТКШІ Агенттігінің құзырына өтеді - Н.Тихонюк

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің құзырына өтеді.

Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшілеріне берген сұхбатында Агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

«Барлық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары (МСҚББ) біздің (ред. - Агенттіктің) еншімізге берілуде. Тиісті Жарлықтың жобасы әзір. Осы уақытқа дейін МСҚББ-лар жергілікті басқару органдардың қарамағында болып келді. Еске салсақ, олар бұған дейін біздің құзырымызда болды. Тек 2005 жылы әкімдіктерге берілді. Президенттің пікірінше, бұл асығыстық жасалды. Себебі, шешімдер қабылдайтын да, рұқсаттар беретін де - тек әкімдер. Бұл дұрыс емес. Оны біреу қадағалау керек. Алғашқы қадам ретінде біз, жергілікті атқарушы органдардың сәулет және құрылыс жұмыстары бойынша қызметін қадағалау үшін Заңға (ред. - «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына) өзгертулер енгіздік. Бұл жұмыстар басталды. Екінші қадамымыз - МСҚҚБ-лардың құзырымызға берілуі», - деді ол.

Н.Тихонюк атап көрсеткендей, МСҚҚБ-ларды Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің қарамағына беру жұмыстары алдағы қыркүйек-қазан айында толығымен аяқталуы тиіс.