Қ.Тұрғанқұловтың сөзіне қарағанда, еліміздегі сайлау учаскелерінің сайлауға дайындығы осыдан бір апта бұрын-ақ қамтамасыз етілді.
«Біз Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығына байланысты арнайы Орталық сайлау комиссиясының мәжілісін ұйымдастырдық. Сонда дауыс беру күніне дайын екенімізге нақты көз жеткіздік. Бүгінгі таңда елімізде сайлауға дайындық 100 пайызға қамтамасыз етілген. Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілді және өзге де қажеттіліктер жүзеге асырылды. Сайлау учаскелерінің өкілдері оқытылып, толық дайындақтын өтті», - деді ОСК төрағасы.