Оның ішінде 19 мың шақырымы толығымен жаңа желіге ауыстыруды қажеттілік етеді. Бұл жайында бүгін Астанада өткен коммуналдық сумен қамтамасыз ету және су тораптары мәселесіне арналға республикалық кеңес барысында «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығының президенті Валерий Сюндюков мәлім етті.
Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, сумен қамтамасыз ету жүйесінің тозуы 71 пайызға жетті.
«Ал су бұру желілері 12,5 мың шақырымды құрап отыр. Оның 8,5 шақырымы ауыстыруды қажеттілік етуде. Яғни, бұл тұрғыда осы желілердің тозуы 70 пайызға жетіп жығылды»,-деп толықтырды ол.
В. Сюндюковтың айтуынша, қалаларда халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 82 пайызды құрайды, ал орталықтандырылған су бұру желілерімен 73 пайызы қамтылған.