Солай болған күнде де ол Кедендік одақтан тыс қалыптасуы мүмкін мәселе», деп мәлімдеді бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, Кедендік одақты сылтау еткен саудагерлер мен алыпсатарлар мүмкіндігінше өздерінің тауарларының бағаларын көтеріп қалуға тырысуы мүмкін. Түптеп келгенде бұл тек сол саудагерлердің айла-тәсілі ғана. «Себебі бізде қаңтардың 1-нен бастап Кеден одағына байланысты біртұтас баж салығы қолданылып келеді», деді Ө.Шөкеев.