Алға қойған мақсатты іске асыру үшін Renault жұмыс істеп тұрған дилерлік орталықтармен өзара жұмысын жалғастырып, бірте-бірте автокөліктердің үлгілік қатарын жаңартпақ. 2011 жылдың соңына дейін қазақстандық нарықтағы саудаға бүкіл әлемге танылып үлгерген Renault Fluence пен Renault Megane енбек, олар 2011 жылдың маусымынан бастап компанияның ресейлік зауытында құрастырылуда.
Renault-ның Еуразия аумағындағы бас директорының орынбасары Дени ле Воттың айтуынша, қазақстандық нарық Renault үшін стратегиялық маңызға ие және болашақтан көп үміт күттіреді. "Елдегі тұрақты экономикалық жағдайдың арқасында орта класстың белсенді қалыптасуы және тұтынушылық сұраныстың жандануы байқалуда, бұл қазірдің өзінде Қазақстандағы Renault автокөліктерінің сатылу өсіміне оңтайлы ықпал етуде. Үлгілік қатардың кеңейуіне байланысты келешекте сатылған Renault автокөліктерінің жалпы саны тапжылмай арта түседі деп есептейміз. Біздің автокөліктерді таңдауға ықпал ететін тағы бір жайт сатып алу шарттарының тиімділігі мен сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету деңгейінің жоғарылығына байланысты болмақ, мұндай шарттарды біз бүкіл әлем бойынша тұтынушыларымызға ұсынамыз», - деп атап өтті Дени ле Вот.
Қазіргі таңда Қазақстан нарығында Renault: Logan (қолжетімді отбасылық седан) мен Sandero (ықшамды қалалық хэтчбек) сынды екі үлгісі ұсынылған, олар Ресейдегі сатылым көшбасшылары қатарына кіреді екен. Ауа-райы мен жол ерекшеліктері есепке алына отырып, РФ-да құрастырылған бұл заманауи үлгілер Қазақстан нарығына барынша үйлесімді болып табылмақ.