Елдегі жанармай нарығындағы жағдай оңалуда - С.Мыңбаев

ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жанармай нарығындағы жағдай оңалуда, тіпті бағаның төмендеу үрдісі де байқалады. Бұл туралы бүгін елордада Энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық бірлескен комиссияның отырсынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Толықтай алғанда бензин нарығындағы жағдай түзеліп келеді және жетіспеушілік көлем жоқ. Сонымен қатар өздеріңіз байқаған болсаңыздар бағаның төмендеу үрдісі, атап айтқанда дизель отынында байқалады», - деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі жиын барысында Қазақстан мен АҚШ-тың физикалық ядролық қауіпсіздік және атом энергетикасы, көмірсутек ресурстары, жаңаратын энергия көздері және энергия тиімділігі, электр энергетикасы сынды салалардағы ынтымақтастығын айқындайтын бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.