Елден безген Судан босқындары Мароккода да тығырыққа тіреліп отыр

АСТАНА. KAZINFORM - Судандағы соғыстан қашқан мыңдаған адам Ливия мен Алжир арқылы елден кетіп жатыр. Алайда жол-жөнекей оларды көп қиындықтар күтіп тұр. Көптеген адам азапталып, кейбірі құлдыққа ұшырап жатыр, деп жазады AlJazeera.

Фото: AlJazeera

Марокко олар үшін тыныштық тауып, аялдайтын жер көрінгенімен олар мұнда да тығырыққа тіреліп отыр.

Елде босқындарға қатысты толыққанды заң жоқ, ал қолдау негізінен БҰҰ-ның шектеулі ресурстарына тәуелді. Босқындарға баспана берілмейді, ресми жұмыс табу іс жүзінде мүмкін емес – тіркелгендердің 0,5 пайызынан азы ғана жұмыс таауып, еңбекке араласқан.

Құжаттары болса да, адамдар қорқыныш жағдайында өмір сүріп жатыр. Билік мигранттарды жиі елдің оңтүстігіне немесе қайтадан Алжирге күштеп шығарып жібереді. Соның салдарынан мыңдаған адам құқықтық вакуумда қалып, қаржылай қолдаусыз және мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр.

Осыған дейін Суданда гуманитарлық жағдай қиындап бара жатқаны туралы жаздық.

Сондай-ақ Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Суданда ауызсу тапшы болып барады.