Елден ерек саябақ салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда Құран саябағы салынуда.

Құранның мұғжизаларын көрсету үшін Дубай әкімшілігі Құранда кездесетін 54 өсімдіктің 51-н қамтитын тақырыптық саябақ салуда. Аумағы шамамен 64 га болатын Құран саябағының құрылысы алдағы жылдың қыркүйек айында аяқталуы жоспарланып отыр. Қазір саябақ құрылысының соңғы 3-ші сатысына жетті. «Құранда күріш, анар, зәйтүн, жүгері, сопақ басты пияз, сарымсақ, арпа, бидай, зімбір, асқабақ, қарбыз, тамаринд, седер, жүзім, банан, қияр, райхан, т.б. 54 түрлі өсімдіктер кездеседі. 31 түрлі өсімдіктің егілуі аяқталған. Қалған 20 түрі құрылыстың 3-ші сатысында егіледі, ал қалған 3 түрі жерде мүлдем кездеспейді», - дейді Бас Жобалар департаментінің директоры Мұхаммед Нұр Мәшрум. Бұл жобаның құны 7 миллион АҚШ долларын құрайды, деп жазады asylarna.kz.