Елдеріне қайтуға ақшасы жоқ отбасы Бразилия әуежайына қоныс тепті

АСТАНА. Шілденің  27-сі.  ҚазАқпарат -  Үш   баласы бар  аргентиналық отбасының     Бразилияның    Рио-де-Жанейро      қаласындағы  әуежайда   тұрып   жатқанына бір айдан асты.

  Газеттердің  жазуынша,     әлгі отбасын   осындай   ерекше     орынға  қоныстануға    ақшаның жоқтығы мәжбүрлеген,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  НТВ  телеарнасына сілтеме  жасап.

Отбасы мүшелерінің  өздері соңғы 3 жыл бойы  тұрған  Панамаға    қайтуларына  ( 4 мың доллардай) ақшалары  жоқ екен.   Науқас туыстарының  көңілін сұрауға Буэнос-Айреске автобуспен келген  олар,    ақшаларының     сол жерде-ақ таусылғанын   айтып  отыр.      Панамалық     бір танысы  оларға  Бразилиядан Панамаға дейін    билет  резервілеп   береді,  бірақ ақшасын   төлей алмайды.

«Көшеде сандалғанша,   әуежайда тұрған дұрыс    деп шештік»,- деп  мәлім етті  журналистерге 43 жастағы   Лилиана Савва ханым. Оның айтуынша,  бастапқыда   жағдай  қиын  болған.  Күндері қара су мен  крекерге  қарап  қалған, бірақ кейіннен    әуежай  қызметкерлері   оларға  қамқорлық жасай бастаған:    тамақ  әкеліп беретін болған,    қонаққа шақырған,  тіпті      шілденің 13-інде   5 жасқа  толған  қыздарының  туған  күнін  тойлап  берген.

Отбасы    өздерінің  Панамаға  дейінгі билеттерін    біреулердің   төлеп беретіндігіне үмітті.