Елді қирату, тонаудан ешкім ұтпайды – Маңғыстаулық қоғам белсендісі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтардың басында елде болған жаппай тәртіпсіздіктер мен Маңғыстау облысындағы бейбіт митингке қатысты аталған өңір тұрғыны, қоғам белсендісі Самсон Аракелян өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстауда мұнай-газ саласында жұмыс істеген адам ретінде байқағаным, қазір жұмысшылар өз ойы мен проблемасын ашық айту мүмкіндігі бар. Дегенмен көтерілген мәселенің аз уақыттың ішінде шешілмейтінін ескерген жөн. Мұнайшылар көтеріп отырған мәселе бір күннің ішінде шешіле қоймайды. Ең бастысы билік пен жұмысшылар арасында дұрыс диалогтың болуы», - деді Маңғыстау облыстық баскетбол федерациясының директоры, «Doma Doma» қоғамдық қорының жетекшісі Самсон Аракелян.

Оның айтуынша, еліміздің батыс өңірінде митинг бейбіт түрде өтті.

«Қаңтар оқиғасы көрсеткендей, зорлық-зомбылық арқылы өзгеріс елдің дамуын кейінге шегереді. Сондықтан мәселенің бейбіт жолмен шешілгені абзал және алдағы уақытта халықтың талабы келісім арқылы шешімін табады деп сенемін. Әрине, тұрғындар мәселесін көтеріп, биліктің назарын аудартқысы келеді. Бірақ шара бейбіт форматта өтсе және билік проблемаға назар аударса... Елді қирату, тонаудан ешкім ұтпайды. Бәріміздің де отбасымыз, жақын жандарымыз бар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар