Елді мекен тұрғындарын құтқару үшін Су-27 ұшқышы жанын пида етті (ВИДЕО)
19:42, 09 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшқыш Сергей Еременко Мәскеу түбінде Су-27 құлаған кезде өз өмірін құрбандыққа шалды. ТАСС ақпаратынша, ол құлап келе жатқан ұшақты жақын жердегі елді мекеннен алшақтату кету үшін катапульта жасамаған.
Ауыл тұрғындарына қауіп сейілген кезде "Русские витязи" ұшқыштар тобының мүшесінде жойғыштан эвакуациялану мүмкіндігі болмады.
Ұшақ Мураново ауылынан 1.5 шақырым жерде құлады. Оның бұл әрекеті аталған елді мекеннің ондаған тұрғынының өмірін құтқарды.
Оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеуде. Олар Су-27 қара жәшіктерін зерттеуде.