«Ауылдық жерде мектепке дейінгі мекемелердің, мәдениет және спорт нысандарының тапшылығы байқалады. Бүгінде денсаулық сақтау нысандарының 71 пайызы бейімделген, білім беру нысандарының 189-ы апатты ғимараттарда орналасқан. Ал, 92 мектепте оқыту 3-4 ауысыммен жүргізіледі», - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, орталықтандырылған ауыз сумен ауыл халқының 68 пайызы қамтылған, ал жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының 20 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді.