Елді мекендердегі мамандар тапшылығы «Дипломмен ауылға!» акциясының арқасында еңсеріліп келеді

None
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Елді мекендердегі мамандар тапшылығы «Дипломмен ауылға!» акциясының арқасында  еңсеріліп келеді.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық саясат департаменті әлеуметтік саясат басқармасының басшысы Степан Лепешко мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік сала мамандықтары болып табылатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қолдау және спорт салалары бойынша ауылдық елді мекендерге 20 мыңнан астам маман барды. «Жалпы бұндай үдеріс «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы жылында байқаған болатынбыз. Мәселен, 2008-2009 жылдармен салыстырғандағы 2010 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық жерлерге барған педагогтар саны 1,8 есеге, дәрігерлер - 2,7 есеге өсті. Сондықтан да, біз бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерде маман тапшылығына қатысты проблема еңсеріліп келеді деп батыл айтуға болады», - дейді С.Лепешко.

Дегенмен, мамандар аталған бағдарламаның шеңбері кеңейе түсуі тиістігін алға тартады. «Ендігі кезекте ауылдық елді мекендерге мамандандырылған арнайы орта оқу орындарын бітірген жастарды да тарту өзекті. Расында, бағдарлама аясында мамандықтар орташа арнайы немесе жоғары оқу орындарын бітірген деп жіктелмейді», - дейді ол.