Комитет мәліметіне қарағанда, 2016 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында халық пен өңірлерді қорғау үшін 90 шақырымнан астам қорғау бөгеті салынып, қолданыстағы 455 шақырым бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонмын қатар тасқын қауіпті 180 шақырымға жуық өзен арналарында жаға бекіту және тереңдету жұмыстары атқарылды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы су тасқынының алдын алу мен олардың салдарын жою мақсатында 27,5 мың тонна жанар-жағармай, 400 мың тоннадан астам инертті материалдар, 1,3 млн. қап дайындалды.
Айта кетейік, көктемде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық мақсатында 3-4 наурыз аралығында «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оның барысында жеке құрамы 141 650 адам мен 17 мыңнан астам арнайы техникасы бар апаттық-құтқару қызметтерінің 10 мыңнан астам құрамасы іс-қимыл жасау үшін әзірлікке келтірілді.