Елді мекендердің атауын өзгертуде жергілікті халықтың пікірін ескеру қағидалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілді.

Аталған құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республика­лық және облыстық маңызы бар қалаларға, астанаға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді ұйымдастырады және мәслихаттардың қарауына енгізеді. Халықтың пікірі әкімдер ұйымдастырған жергілікті қоғамдастық жиналыстарда тыңдалады. Содан кейін жергілікті БАҚ арқылы қалың жұртқа таратылады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресімделген халықтыңескерілген пікірі ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ономастика комиссияларының қарауына ұсынылады.

Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.