АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының полиция қызметкерлері Майлыөзек арнасының бойында қарасора өсірген Жалағаш ауданының 22 жастағы тұрғынын ұстады,
деп хабарлады Есірткі бизнесімен күрес комитетінен.
Құқық қорғау органының ақпараты бойынша аталған алқаптан 5680 түп қарасора табылып, қолға түскен азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 262 бабы бойынша іс қозғалған. Ұсталған жігіт кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша оқшаулау орнына қамалды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.