Елдің басым аумағында жауын мен күшті жел сәрсенбі күні де сақталады - Қазгидромет

ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 26 қазан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуімен жауын-шашын жауып, күшті жел тұрады. Бұл туралы «Қазгидрометтен» мәлім етті.

Атап айтқанда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Жамбыл облыстарында секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ал гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.