Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. ШҚО-да желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.
Түнде Павлодар, күндіз Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.
Қызылорда мен Алматы облыстарын тұман басады. Алматы облысында сондай-ақ, көктайғақ болады.
Ал Астанада бүгін, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр. Батыстан 9-14 м/с күшпен жел соғады, күндіз ауаның температурасы -7-9, түнде -15-17 градусты құрайды.