Елдің батысында ғана антициклонның әсер етуімен жауын-шашындар болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен мәлім етті.
Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтілуде.
Түнде және таңертең Қостанай облысының жекелеген аумақтарында тұманды.
Жамбыл облысының кей өңірлерін тұман басып, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ал Астанада ауыспалы бұлтты, қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с екпінмен жел соғады. Температура күндіз -7-9, түнде -18-20 градусты құрайды.