Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 14 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМКмәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауылкүтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Қарағанды​​облыстарының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Күндізбұршақ жауады.

Түркістан,Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с артады. Түркістаноблысының жекелеген аумақтарында дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан,Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/сжетеді. Павлодар, күндіз Қостанай облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылордаоблысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Таңертең жәнекүндіз кей жерлерде бұршақ болжанады.

Алматы облысыныңкей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрып, оған шаңды дауыл қосылады.

Сондай-ақ Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе,Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупісақталады.

Соңғы жаңалықтар