Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Павлодар облысында жел күшейіп, көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысы бойынша кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде бұрқасын болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, облыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 метр/секундқа дейін Ақмола облысында секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, жел күшейіп секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел күшейеді.
Қостанай облысының аймақтарында желдің күші 15-20 мерге дейін жетіп, кей жерлерде бұрқасын болады. Ақтөбе облысында кей жерлерде жел тұрады, бұрқасын болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында, көтайғақ және бұрқасын болады. Алматы облысының бірқатар аймақтарына тұман түседі.