Елдің басым өңіріндегі ашық, аязды күн райы жұма күні де сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 20 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның ықпалында болады, онымен ашық, аязды күн райы күтілуде.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының жекелеген өңірлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 17-22 м/с жылдамдықтағы жел болжануда.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ күтілуде.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында, сондай-ақ тұманды болады.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, жұма күні Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату процесі күшейіп, су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз кептелістері қалыптасады деп күтілуде. Салдарынан су деңгейі көтеріліп, өзендердің арналарынан тасуы және су басу жағдайлары болуы ықтимал.