Мәселен, тамыздың 3-і күні таңертең, Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Көтібар ауылдық округінің Алақозы кентінде 325 га алқап жанды. Өрт ауылдық округтің жергілікті 12 тұрғыны мен 3 техниканың күшімен бір тәуліктен кейін сөндірілді.
Сондай-ақ тамыздың 4-і күні кешқұрым, Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Темір ауылдық оркругіндегі Ақатай өткелінің 1200 га аумағын от шарпыды. Тілсіз жау ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техниканың, сондай-ақ жергілікті 7 тұрғын мен 2 техниканың күшімен алты жарым сағаттан кейін ауыздықталды.
Ал тамыздың 3-і күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есентай ауылдық округінің Ақжол шаруа қожалығында болған өрт, далалы алқаптың 808 гектарын жойды. Жергілікті халық жалынмен өз күштерімен күресіп, оны бір тәуліктен кейін толық жойды.
ТЖМ-нан мәлім еткендей, барлық жағдайда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.