- деп хабарлайды Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі ҚазАқпаратқа.
«2009 жылғы маусымның 30-ы ирак халқы үшін шын мәнінде қуанышты күн саналады, толық тәуелсіздікке оралудың жолына қарай және шын мәніндегі тәуелсіздік пен демократияға қол жеткізу үшін 2011 жылдың соңына қарай американ әскерін елден шығаруды жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды.
Аталған жарқын бетті ашуға өз еліне бейбітшілік пен гүлденуді тілейтін ирак халқының барлық өкілі қатысты, сондай-ақ осынау тарихи маңызы зор оқиғаны іске асыруға Ирак Ұлттық Үкіметі де қыруар күш жұмсады. Иракты қайта қалпына келтіру, Ирак халқының еркін де жақсы өмір сүруі үшін олар аз тер төккен жоқ», - деп атап өтілген елшілік құжатында.