Ливияда радикалды исламшыл ретінде танымал бұрынғы шенеунікті елдің шығысындағы Дерна қаласында оққа байлаған. Ливия Ішкі істер министрлігі қастандық әрекеттің қалай орын алғандығы жайында толық ақпарат таратқан жоқ. Дегенмен, Reuters тілшілерінің деректеріне қарағанда, оны туыстарының үйінің жанында атып кеткен.
Айта кетерлігі, соңғы апта ішінде Ливияда Каддафи тақтан тайғаннан кейін жоғары лауазымды қызметте болған бірнеше шенеунік пен армия офицерлері оққа ұшқан болатын. Ел билігі бұл қылмыстарға бұрынғы диктатор жақтастарының қатысы бар деген күдік келтіруде.