«Қазавтожол» РМК-ның мәліметтері бойынша, Жамбыл облысында 14 ақпан күні 18 сағат 10 минуттан бастап, қардың қалың түсуіне байланысты республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент» автожолының (534-593 км, Айша бибі ауылы ОҚО-мен шекаралас аймақ) учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 18 сағат 20 минутта қардың қалыңдығына байланысты республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент-Термез» бағытының (593-632 км, Жамбыл облысымен шекаралас, Жаскешу) учаскесінде барлық көлік түрлері қозғалыс шектелді.