Бұл жайлы Ұлттық банк Басқарма төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.
Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері қаңтарда 13,1 пайызға немесе 33,2 миллиард долларға дейін өсті. Таза халықаралық резервтері 15,2 пайызға, таза валюта қорлары 14,3 пайызға артты. Ал алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтарда оның бағасының өсуі нәтижесінде 20,6 пайызға ұлғайды.
Ақша базасы 19,3 пайызға, тар ақша базасы 15,6 пайызға кеңейді. Желтоқсанда ақша массасы 1,5 пайызға өсті. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 10,6 пайызға, банк жүйесіндегі депозиттер 0,2 пайызға артты. Айналыстағы қолма-қол ақшаның депозиттер көлемінің өсуімен салыстырғанда үдемелі өсу қарқыны ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесінің қарашадағы 87,1-ден 86 пайызға дейін төмендеуіне себепші болды.