деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы.
«Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Күлімхан Тоғызбаеваның айтуынша, іс-шараға тарихшылар, өлкетанушылар, білім беру қызметкерлері және жастар ұйымдары тартылуда.
«Көненің көзі болып табылатын жерлерге саяхаттар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер», аймақтағы тарихи орындарды абаттандыру сенбіліктері, тарихшылар мен журналистер арасында конкурстар ұйымдастырылады. «Нұр Отан» ХДП-ның осы бастамасы қолдау табады деп ойлаймын.
Елдің мәдени құндылықтары мемлекет қарауында және ҚР Конституциясымен қорғалған. Бұл жөнінде Ата Заңымыздың 37-бабында атап көрсетілген», - деді К.Тоғызбаев.