Елдің оңтүстігіндегі өзендер суының тасу қаупі ескертілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6-8 елдің оңтүстік өңірлеріндегі өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа температурасының жылыныуы және аралас жауын-шашынның болжануына байланысты 6-8 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағы маңайында су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген хабарламада.