Елдің оңтүстік, оңтүстік-батыс және шығысында тұрақсыз ауа райы күтілуде - синоптиктер

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың тек оңтүстік,

оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық ағымдардың ығысуымен, жекелеген жерлерде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Түнде Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау және Қостанай облыстарының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында - күндіз кей аймақтарда найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алдағы тәулікте Жайық, Петропавлдан төмен Есіл және Ресеймен шекарадағы Тобыл өзендерінде су тасқыны жағдайы мен су деңгейлерінің көтерілуі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су көлемінің ауытқулары болуы ықтимал.