Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұран Жоламанов мемлекеттік шекараның бойымен ұшып өтіп, Сарыағаш және Жетісай шекара жасақтары завставаларының, Қордай шекара жасағының әскери қалашығындағы жаңа үлгідегі шекаралық завставалар құрылысының барысын тексерді, Тараз шекара жасағында болды, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын қарады, «Алматы» шекаралық бақылау жасағын аралап көрді.
Сарыағаш шекара жасағында бірнеше «Батыс», «Сарыағаш», «Достық», «Ынтымақ», «Дархан» және «Жуантөбе» сияқты заставалар салынуда. Шекаралық ведомство басшысы мердігерлік ұйымдардың басшылығымен, құрылысшылармен кездесті, құрылыстың әр нысанын тексерді. Олардың барлығы да биылғы жылы пайдалануға беріледі, алғашқы жаңа үлгідегі шекара заставаларының ашылуы кәсіби мереке - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылған күніне орайластырылып отыр.
«Жетісай» шекара жасағында елдің бас шекарашысы шекара жолдарына қиыршақ-топырақты жабын төсеу жұмыстарын көрді. ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары «Қоғалы» заставасында болып, құрылыс жұмыстарын қазан айында аяқтауға тапсырма берді. «Мырзакент» шекара заставасында шекаралық ведомство басшысы офицерлер отбасыларымен және келісім-шартпен жұмыс істеп жатқан әскери қызметшілермен кездесті..
Инспекциялық топ «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Қордай» әскери қалашығының құрылыс алаңында болды. Жасақ құрылысы бір ай бұрын басталған болатын, қазір жер әзірлеу жұмыстары 50 пайызға орындалған. 2016 жылдың соңына қарай мұнда шекарашылар үшін барлық қажетті инфрақұрылымы - балалар бақшасы, офицерлер құрамының үйлері, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндерге арналған жатақхана және басқа да нысандары бар қалашық бой көтереді.
- Жаңа шекаралық заставалар салу - бірінші кезектегі міндет және мердігерлер жұмыс қарқынын және жұмыстарды мерзімінде аяқтау үшін іс-қимылдарды ширатулары тиіс. Барлық шекралық жасақтарда шекарашы-жауынгерлер үшін қызмет атқаруға қажетті барлық жағдайды жасаймыз», - деп атап көрсетті генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов. Алматыда басшылық «Алматы» шекаралық бақылау жасағында және әскери нысандар күрделі жөндеуден өтіп жатқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының далалық оқу орталығында болды.