18:35, 15 Сәуір 2009
Елдің правлослав дінін ұстанушылары Пасха мерекесіне әзірленуде
АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Сәуірдің 19-ына қараған түнде православ храмдарында христиандардың ұлы мерекесі – Пасха құрметіне мерекелік құлшылық рәсімі өтеді. Алматыда бұл рәсімді Астана мен Алматы Митрополиті, Қазақстандағы Митрополье округі басшысы Мефодий өткізеді.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сондай-ақ сәуірдің 19-ында Вознесенск кафедралдық соборында Митрополит Мефодий діндар қауымды Қасиетті Пасхамен құттықтайды. Бұдан басқа, сәуірдің 19-ы күні қазақстандық «SCAT» авиакомпаниясының рейсімен Алматыға Иерусалимнен Қасиетті от әкелініп, Вознесенск кафедральдық соборында пасха құлшылығы өткізіледі.