«Қазақстандағы қазіргі ахуалды қалай бағалайсыз?» сұраққа сұхбат берушілердің 92,2 пайызы елдегі жағдай тұрақты және тыныш деп жауап берді, деп атап өтті орталық директоры, саяси ғылымдар докторы Ғабит Иренов. - Сұралғандардың 3,8 пайызы үшін ол «түсініксіз және шиеленісті». Респонденттердің 3,7 пайызы жауап беруге қиналды.
Мемлекет басшысының қызметін сауалнамаға қатысушылардың 95,1 пайызы құптап отыр, халықтың 70,2 пайызы Үкімет жұмысына, Парламент депутаттарының қызметіне 54,7 пайызы оң баға берді.
Танымалдығы жағынан «Нұр Отан» партиясы көшбасшы орында келеді, оның рейтингі - 96,3 пайыз.