Бұл туралы ТЖ қызметі ескерту жасады.
Зырянов, Қатон-Қарағай, Күршім аудандарында күндіз ауа райы 7 градусқа, Үржар, Аягөз және Абай аудандарында - 10 градусқа дейін жылынады.
Жаңбыр түрінде жауын-шашын болуы, оңтүстік-шығыстан күшті жел тұруы, оның жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін күшеюі күтілуде.
Аймақтың таулы аудандарында қар көшкіні ықтималдығы сақталады.