Елдің шығысында температура күрт төмендеуі мүмкін
18:27, 22 Желтоқсан 2009
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті шұғыл ақпарат таратты, онда аса қажет болмаса аймақ тұрғындарының - күннің күрт суытуына байланысты жолға шықпауы ескертілген.
Бүгін түнде облыс бойынша ауа температурасы 28-30 градусқа дейін күрт төмендейді, кей жерлерде 38 градус аяз болады.
Бүгін күні бойы толассыз қалың қар жауды, ұйытқып боран соқты.