Елдің шығысында тұрақсыз ауа райы күтілуде - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның шығыс аумағында атмосфералық фронтальдық ағымдардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі - жаңбырлар өтіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде жел 15-22 м/с дейін күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай және Алматы облыстарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысында кейбір жерлерде желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді, шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының жағалауында тұман болады.

Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы облыстарының кейбір жерлерінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде күн қатты ыстық болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары сақталады.