«Сәуірдің 29-ы мен 1 мамыр аралығында жаңбыр жауады деп болжануына орай Шығыс Қазақстан облысында өзендердегі су деңгейі күрт көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп, жаңа су тасқыны болу қаупі бар.