Елдің жаңғыруын жеделдетуге академиялық ғылымның үздік өкілдері қажет - РФ сарапшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Леонид Голоскоков елдің жаңғыруын жеделдету үшін жоғары оқу орындарының және академиялық ғылымның ең үздік өкілдерін белсенді тарту қажет деп есептейді.

Бұл туралы бүгін ол Астанада өткен «Жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайындағы мықты және табысты мемлекетті қалыптастыру мәселелері» атты ғылыми конференцияда мәлім етті.

«Қазақстанның қолға алған бағдарламаларын айтатын болсақ, біздің теорияның негізі бойынша, оны жүзеге асыруды жеделдету үшін жаңғырудың қосымша үдерісін жүргізу керек. Ондағы негізгі күш академиялық ғылымның ең үздік өкілдеріне, аспиранттарға, докторларға салынуы тиіс, содан кейін ғана ел азаматтары тартылуы тиіс», - деп атап өтті Л. Голоскоков.

Сонымен қатар ғалымның айтуынша, мемлекеттің жаңғыру процесіне ерік-жігер, негіз, мақсат және әдістер қажет.

«Егер ерік болмаса, басқа компоненттер керек емес. Негізгіге кадрлар, технологиялар, инженерлер мен ғалымдар жатады», - деді ғалым.