Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Бұрқасын соғып, жел күшейеді, кей өңірлерде көктайғақ болады.
Батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігін тұман басады.
Елдің шығысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде жауын-шашын болып, боран соғады. Осы аймақтар мен Қызылорда облысында көктайғақ болады.
Оңтүстік, солтүстік және орталық өңірлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді.
Айта кетейік, бүгін батыстың бірнеше өңірінде ауа сапасы төмендейді.