Астанада күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 40–41 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстік жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыс және орталық бөліктерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстік және оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз облыстың батысында екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Батыс бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс желі оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің екпіні түнде және күндіз 15–20 м/с, шығысында кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді. Шығысында күндіз 35–38 градус аптап ыстық болады. Солтүстігі мен орталығында жоғары, ал батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыс желінің екпіні күндіз 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с болады. 31 шілде — 2 тамыз аралығында күндіз 35–39 градус аптап ыстық күтіледі. Осы кезеңде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында түнде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Батыс және солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күндіз ауа температурасы 35–36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с жетеді. Күндіз 35 градус аптап ыстық күтіледі. Батысында, шығысында және орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы 40–44 градусқа дейін көтеріліп, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні 15–18 м/с болады. Күндіз 38 градус аптап ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде жоғары, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с болады. Күндіз 35–37 градус аптап ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында және солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы 40–44 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.