Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда тұман болады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен орталығында 15 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. Өңірдің солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады. Өңірдің батысы мен орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында 15–20 м/с болады. Ақтауда жаңбыр жауып, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын түседі. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Петропавлда күндіз аздаған жауын-шашын, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтіледі, облыс орталығында кей уақытта қатты жауады. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Өңірдің шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей уақытта қатты жауын-шашын түседі. Көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының шығысында кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты нөсер болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз кей уақытта 15 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының батысы мен оңтүстік-батысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын түседі. Көктайғақ болады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с болады. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел өңірдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с болады.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, өңірдің солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең тұман болады. Төтенше өрт қаупі де сақталады.