Алматы облысында жаңбыр мен қар жауып, оңтүстігінде жауын-шашынды болады. Таулы аудандарда қалың қар жауып, көктайғақ пен тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Қонаевта тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. Іле Алатауының Алматы қаласына қарасты Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қар жауып, кей уақытта қалың қар түседі. Тұман басып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.
Алматыда жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта жауын-шашын мол түседі. Тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Атырауда батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді. Ақтөбеде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысында қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні кей уақытта 23-28 м/с болады. Жезқазғанда негізінен қар жауып, кей уақытта жауын-шашын түседі. Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қостанайда негізінен, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын соғады. Қарағандыда қар жауып, көктайғақ болады. Бұрқасын соғып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта жауын-шашын мол түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің таулы аймақтардағы екпіні 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Батысында, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Павлодарда жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.
Астанада қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, түнде және таңертең кей уақытта 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде және таңертең аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтауда батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын көбірек түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман басады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, түнде 23-28 м/с-қа жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оралда аздаған жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Бұрқасын соғады. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 25 м/с болады. Қызылордада түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын мол түседі. Өскеменде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.
Абай облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Семейде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Көкшетауда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады.
Жетісу облысында түнде жауын-шашын түсіп, шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашынды болады. Таулы аудандарда қар жауып, кей уақытта қалың қар түседі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні шығысында және таулы аймақтарында 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада және Ақмола облысында 26 қарашада кешке қарай көктайғақ болуы мүмкін екенін жазған едік.