Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай болып, екпінді жел болады 15–20 м/с дейін.
Алматы, Жетісу, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының кейбір аудандарында нөсер жауын жауып, найзағай болып, бұршақ және дауыл күтіледі.
Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 35… 42 °C дейін көтерілетін қатты ыстық күтіледі. Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.