Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады.
15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:
Солтүстік-батыста: күндіз 10… 22°С;
Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз 3… 13°С;
Орталықта: түнде -6… 3°С, күндіз 4… 15°С;
Шығыста: түнде -5… 5°С, күндіз -1… 9°С;
Оңтүстік-шығыста: түнде 5… 10°С, таулы аудандарда -2… 3°С, күндіз 10… 22°С, таулы аудандарда 5… 10°С.