Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 11–13 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін.

11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы болжанады. Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасының негізгі фоны батыста және орталықта 27... 39°С, Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25... 35°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында 30... 42°С, оңтүстігінде 37... 44°С болады.