Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай облысының жекелеген аудандарында, 19–20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілде күндіз Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.
Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және 18 шілдеде орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.
Жаңбырдың, әсіресе елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаууына байланысты күндізгі ауа температурасы 21… 29°С-қа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, елдің шығысы мен орталығының басым бөлігінде Орта Азия аудандарынан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Осыған байланысты мұнда күндізгі ауа температурасы 35… 39°С-қа дейін жетіп, қатты ыстық болады. Орталық және шығыс өңірлердің оңтүстік бөлігінде өте қатты ыстық сақталып, ауа температурасы 42°С-қа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстік-батысында 44°С-қа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 45… 48°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.
Айта кетелік бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды.