Елдің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет
16:21, 18 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM –Қазақстанға белсенді циклондар келе жатыр, атмосфералық ағындар жылжуын жалғастырып, күн құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, алдағы күндері ел аумағына фронталды белсенділіктің кезекті толқыны әсер етеді, жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстанның батысында, солтүстігінде, 19-20 маусымда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Солтүстік және шығыс аймақтарда күндізгі уақытта ыстықтың біртіндеп басылуы күтіледі — ауа температурасы +20…+28 °C дейін төмендеп, жайлы болады.
Осыған дейін «Ақжайық» табиғи резерватында 1200 гектарды шарпыған қамыс өрті сөндірілгені туралы жаздық.